Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталды.
1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО-ға басып кірді. Осылайша, Екінші дүниежүзілік соғыс Ұлы Отан соғысына ұласты.
Германияның КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған жоспары "Барбаросса" деп аталды. Гитлер оған 1940 жылы 18 желтоқсанда қол қойған. Жоспар бойынша Германия КСРО-ны 6-8 апта ішінде жаулап алуы керек болған.
Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың жауынгер аттанды. Олардың 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады.
1942 жылы Германия "Барбаросса" жоспары жүзеге аспағаннан кейін Кеңес Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдаған. Оған "Блау" деген ат қойды. Ол бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады.
1941 жылы 10 шілдеден 1944 жылдың 13 қаңтарына дейін Ленинград от пен оқтың арасында 900 күн қаһармандықпен қорғанып тұрды.
Қойгелді Аухадиев ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін, өздігімен жүретін "Фердинанд" зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомашинасын жойғаны үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған.
Кеңес Армиясы Германияның астанасы Берлинді 1945 жылы 2 мамырда толықтай алды. 8 мамырда фашистік Германияның жеңілгені туралы шартқа қол қойылып, 9 мамырда Ұлы Отан соғысы аяқталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және ұшқыш-жойғыш Сергей Луганский бар.
1945 жылы 30 сәуірде Рейхстаг ғимаратының қасбетіне Жеңіс туын 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы Қызыл әскер Григорий Булатов тікті.