0%

Алматыда Республика сарайының алдында қасқайып тұрған кімнің ескерткіші?

Правильно! Неправильно!

1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған ескерткіш қойылды. Мүсінші – Хакімжан Наурызбаев. Ескерткіштің тұтас биіктігі – 13,7 метр.

Ескерткіште кімдер бейнеленген?

Правильно! Неправильно!

Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. 2010 жылы Астанада қазақтың алғашқы хандарына арнап ескерткіш қойылды. Ескерткіштің іргетасынан бастап, найзаның ұшына дейінгі жалпы биіктігі 12 метрді құрайды. Жобаның авторы – мүсінші Ринат Әбенов.

Бұл қай ханың ескерткіші?

Правильно! Неправильно!

2000 жылы Алматыдағы екінші темір жол вокзалының алдында Абылай ханға ескерткіш қойылды. Ат үстінде хан қолына қамшы ұстап, оңтүстікті нұсқайды.

Ескерткіштегі бейне кім?

Правильно! Неправильно!

2019 жылы Алматыда Республика сарайының қасындағы саябақтың солтүстік жағына композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылды.

Асанәлі Әшімов кімнің жанында отыр?

Правильно! Неправильно!

2019 жылы Алматыда актер, режиссер Шәкен Аймановтың құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы – мүсінші Нұрлан Далбай.

Шымкентте қай биге арнап биік ескерткіш қойылды?

Правильно! Неправильно!

2012 жылы Шымкентте Бәйдібек биге арнап ескерткіш қойылды. Мұны Қазақстандағы ең үлкен ескерткіш деуге болады. Зәулім монумент биіктігі 220 метрді, ал мүсіннің биіктігі 10 метрді құрайды.

Бұл ескерткіш қай ақынға арналған?

Правильно! Неправильно!

2016 жылы Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылды. Биіктігі – 8,5 метр, салмағы 2 тонна. Мүсінші – Мұрат Мансұров, композиция сәулетшісі – Серік Рүстембеков.

Кімдердің ескерткіші екенін табу қиын емес:

Правильно! Неправильно!

1997 жылы Алматыла Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арнап ескерткіш қойылды. Мүсінші Қазыбек Сатыбалдин ескерткішке Жер ғаламшары мен бейбітшіліктің символы көгершіндерді ұшырып тұрған сәбилерді де қосқан.

Балалар киносындағы жарқын бейне:

Правильно! Неправильно!

2022 жылы Астанада "Менің атым Қожа" фильмінің бас кейіпкеріне арналған ескерткіш орнатылды. Гранит және қола материалдардан жасалған. Мүсінші – Талапхан Азамат, ал идея авторы – Мұрат Қожамқұлов.

Бұл кімнің ескерткіші?

Правильно! Неправильно!

2018 жылы Алматыда "Ине" фильмінің түсірілім жұмыстары жүргізілген Төлебаев көшесінде музыкант Виктор Цойдың қоладан жасалған мүсіні қойылды.

Ескерткіштер
Жаман емес.
Дегенмен, дүниетанымыңызды тағы біраз кеңейту артық болмайды
Жарайсыз!
Сәл қателестіңіз, бірақ ескерткіштер туралы әжептәуір біліміңіз бар екен
Бәрекелді!
Ескерткіштер туралы өте жақсы біледі екенсіз