Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.
Астананы ауыстыру туралы жарлыққа сәйкес, Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы болып бекітілді.
Ақмолаға қарай ресми көштің басы 1997 жылдың күзіне қарай басталды.
1998 жылдың 10 маусымында жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы өтті.
2006 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес және қалалық мәслихаттың шешімімен 6 шілде Астана күні болып бекітілді.
2023 жылға дейін ел астанасының атауы 5 рет өзгертілді. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1991 жылға дейін Целиноград, 1991 жылы қайтадан Ақмола, 1998 жылы Астана, 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. 2022 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қалаға бұрынғы атауы Астана қайтарылды.
Елорда Астанаға көшірілген кезде қалада тұратын халық саны 290 мыңға жуық болған. 2017 жылы оның саны 1 миллионға жетті.
Астана қаласында қазір 5 аудан бар. Олар: Есіл, Нұра, Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандары.
ЮНЕСКО-ның шешімімен 1999 жылы Астана қаласына "Бейбітшілік қаласы" атағы берілді.