0%

Биыл Абайдың туғанына ...

Правильно! Неправильно!

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келді. Биыл Абайдың туғанына – 178 жыл.

Абай алғаш қай медреседе білім алды?

Правильно! Неправильно!

Құнанбай ұлы Абайды 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Абай ол жерде төрт жыл оқиды.

Абайдың ұлына арнаған өлеңі:

Правильно! Неправильно!

Абайдың екі әйелінен он бала – жеті ұл, үш қыз болған. Соның бірі – Әбдірахман. Абай жастай дүние салған сүйікті ұлына арнап бірнеше хат-өлең, жоқтау шығарған.

Абай Иван Крыловтың қай өлеңін аударды?

Правильно! Неправильно!

Абай орыс ақыны Иван Крыловтың бірнеше мысалын аударған. Соның бірі – "Шегіртке мен құмырсқа".

Абайдың қай поэмасының тақырыбы "Мың бір түн" ертегісінен алынған?

Правильно! Неправильно!

"Мың бір түннің" бір тарауы "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегіде жас бала Әзімнің оқиғасы Абайдың поэмасына арқау болған.

Бес нәрсеге асық болуға, бес нәрседен қашық болуға шақыратын Абайдың өлеңі:

Правильно! Неправильно!

"Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақты дұшпан деп, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды бес асыл іс екенін жазады.

Абай жетінші қара сөзінде "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады" дейді. Екеуін де білсеңіз, қате жауапты таба аласыз:

Правильно! Неправильно!

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?" деп, "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Абай 1866 жылы қай болысқа болыс болып сайланды?

Правильно! Неправильно!

Абай ең алғаш 1866 жылы Күшік Тобықты болысына болыстыққа сайланған. Ағасы Құдайберді қайтыс болуы себепті Абайға осы қызмет жүктеледі. Ол 1872-1874 жылдары Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болып сайланады.

Абайдың өлеңдері тұңғыш қай басылымда жарияланды?

Правильно! Неправильно!

Абайдың "Жаз", "Күлембайға" деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888-89 жылдары "Дала уалаяты газетінде" жарияланды.

Қай елде Абайдың ескерткіші жоқ?

Правильно! Неправильно!

Абайға арнап Будапешт (Венгрия), Тегеран (Иран), Бейжің (Қытай), Ренн (Франция), Ташкент (Өзбекстан), Баку (Әзерабйжан), Мәскеу (Ресей) қалаларында ескерткіштер қойылған.

Абай Құнанбайұлы
Жаман емес. Десе де Абайдың өмірі мен шығармаларын оқып шығу артық болмас.
Тамаша! Бір-екі сұрақтан сүрінсеңіз де, Абайдың өмірі мен шығармаларын жақсы біледі екенсіз.
Жарайсыз! Абайдың өмірі мен шығармаларын өте жақсы біледі екенсіз.