Қазақстан – Sputnik V вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет. Отандық QazVac ресми тіркелгенімен вакциналау әлі басталмады.
Алайда коронавирусқа қарсы екпелер жылдам әзірленді. Ғалымдар мен компаниялар екпелердің қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу кезеңдерінің барлығынан өтті. Олар басқа коронвирустар туралы бастапқы мәліметтер мен зерттемелерді қолданды. Мемлекеттер зерттеуге көп қаражат жұмсады. Еріктілердің саны өте жоғары болды. Клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталмастан фармацевтикалық компаниялар алғашқы нәтижелерге сүйеніп вакциналарды шығара бастады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тарту немесе салдыруға келісім бересіз.
Спутник V вакцинасы екі компоненттен тұрады. Бірінші компонент алған соң 21 күн күту керек. Екі дозаның арасы максимум 60 күн болуы керек.
Екпе салынған азаматтардың барлығы 30 минут бойы медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болады. Ең жиі кездесетін жанама әсерлер – бас ауруы, тұмауға ұқсас ауру, әлсіздік, инъекция орнындағы реакциялар. Жанама әсерлерден қорқудың қажеті жоқ, өйткені адам организмі антидене өндіру үшін күресіп жатыр. Егер екпе алған соң ешқандай белгілер болмаса бұл вакцинаның әсері жоқ деген сөз емес.
Спутник V вакцинасында тек вируст туралы ақпараттың бір бөлігі ғана бар, дәлірек айтсақ вирустың шип-ақуызы туралы ақпарат. Ол ақпарат ағзада антиген (бөгде дене) ретінде танылып, вируспен күресуге жауап беретін молекулалар бөліне бастайды.
Қазақстан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы методикалық әдістемесі бойынша ауырғаннан кейін 6 айдан соң вакцина алуға болады.
Вакцина алған адамға жадынама беріледі. Ол жерде үш күн ішінде инъекция орнына су тигізуге, сауна мен моншаға баруға, ішімдік ішпеуге, денеге көп күш түсіруге болмайтыны жазылған.
Ресей мұсылмандары діни басқармасы Спутник V вакцинасын халал әрі зиянсыз деп таныды. Вакцина құрамында жануартекті компоненттер жоқ, яғни, харам дегенге нақты дәлел болмаған соң бұл – халал вакцина.