1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін ол жарияланғаннан кейінгі жарты сағат ішінде алғашқы ел болып мойындады.
АҚШ Қазақстанда елшілігін 1992 жылы 30 қазанда алғашқы ел ретінде ашты.
1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Бұл Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан қарулы күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. 2012 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда Отан қорғаушылар күні болып мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Бұл күні Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. Ал екінші, қазір қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған.
Қазақстан Конституциясының 3-бабының 1-тармағында "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық" деп жазылған.
Қазақстанда президент сайлауы алты мәрте: 1991, 1999, 2005, 2011, 2015, 2019 жылдары өткізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Сергей Терещенко Қазақстанның ең алғашқы премьер-министрі болып, ел үкіметін 1991 жылғы 16 желтоқсаннан 1994 жылдың 12 қазанына дейін басқарды.
Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. Әні Шәмші Қалдаяқовтыкі, сөзі Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаевтыкі.
Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы – Шот-Аман Уәлиханов.
2019 жылы Дубай қаласындағы Бурдж-Халифа Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тудың түсімен боялды.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай амнистия жарияланатынын мәлімдеді.