Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсы төрт тармақты бес шумақтан тұрады. Ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі.
Абайдың бұл өлеңі қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі. Шумақ бес буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Үшінші және алтыншы тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. "Сегіз аяқта" алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады.
Абайдың 1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсы төрт тармақты 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы – махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен сипатталады.
Абайдың 1900 жылы жазған өлеңі. Әрқайсы төрт тармақты 8 шумақтан тұрады. Өлеңде ақын елдегі алдамшы атқамінерлерден түңіліп, қатты ашынып, өзінің жалғыз қалғанын толғағандай сыңай танытады.
Абайдың 1893 жылы жазған өлеңі. Әрқайсы 6 тармақты 8 шумақтан тұрады, барлығы 54 жол. Туынды – ақынның өз кезіндегі халқының жай-күйіне, замана ағымына жасаған барлау-шолуы, тозған елдің тоқыраған тағдырына деген ауыр күрсінісі, азған адамдарына деген көз жасына толы шағымы, ел үшін қорланған ақынның "аһ" ұрған үні, кеудесін қақ айырған қайғысы.
Бұл өлеңді Абай 1886 жылы жазған. Өлең төрт тармақты 25 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден "жігіттер" деп, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға сөзін қаратып айтып, соларға татымды дос табу, жар таңдау, үй болу жайын толғайды.
Жазылған жылы белгісіз. Әрқайсы төрт тармақты алты шумақтан тұрады, 24 жол. Бұл өлеңді 1940 жылы белгілі абайтанушы ғалым Қ. Мұқаметханов пен Абайдың інісі Ысқақтың немересі Р. Мамырқазовтан жазып алып, Ғылым академиясына тапсырған. Өлеңнің мазмұнына қарағанда, ақын өмірінің соңғы жыларында жазған тәрізді.
Абайдың бұл өлеңі 1890 жылы жазылып, ұлы Ақылбайға арналған. Бұл өлең туралы Мұхтар Әуезов былай дейді: "Ата-анаға көз қуаныш" деген өлеңді Ақылбай деген баласына ренжіп, талапты болмадың деп айтқан. Бірақ Ақылбай күндегі өмірде талапты, пысық болмаса да, Абайдың балаларының ішіндегі ең таланттысы болған. Бұл ірі ақын және музыкант-домбырашы, скрипкашы, ән шығарғыш болған".
1889 жылы жазылған. Көлемі – 8 жол. Сүйген жарынан ажырап, алыста қалған жігіттің зарығып айтқан сағынышын білдіретін махаббат лирикасы.
Абайдың 1890 жылы жазған өлеңі. Әрқайсы төрт тармақты 9 шумақтан тұрады. Ақынның өлең сөздің, поэзияның зор қоғамдық мәнін ашып көрсететін шығармаларының бірі.