Краш (ағылш. тілінен to crush – ұнату) – ұнайтын адамға берілетін атау. Жастар сленгінде бұлай көбіне жасырын ғашық болу объектісін атайды.
Вайб (ағылш. тілінен vibe – діріл) – көңіл-күйге әсер ететін, көбінесе жақсы эмоция тудыратын атмосфера, музыка, кино және т.б.
Бұл санды әлдененің өте көп екенін білдіру үшін қолданады. "Сан жетпес" сөзінің сандық нұсқасы.
Кринж (ағылш. тілінен to cringe – жиырылу) – өзін ыңғайсыз сезіну, өзгенің қылығы үшін ұялу. Бұл сөз көбінесе арандатушылық, орынсыз, жиіркенішті және ұятты нәрселермен назар аударуға тырысатын контентке қатысты қолданылады.
Шектен шығып, артық кетіп қалғанда немесе біреудің әзілі күлкілі болмай, орынсыз сөйлеп кеткенде айтылатын сөз. Артық сөйлеп кеткен, мылжың адамды "қуғынбай" дейді.
Пайдасы шамалы курстар, тренингтер, кітаптар мен басқа да ақпараттық оқу материалдарын сататын адамдарды осылай атайды.
Хейт (ағылш. тілінен to hate – жек көру) – жек көру, жақтырмау, ұнатпау. Біреуді жек көре отырып, ол туралы айтудан қысылмайтын адамды хейтер дейді. Танымал тұлғалар мен топтардың жанкүйерлерін фанат десе, оларды ұнатпайтын адамды хейтер дейді.
Инсайт (ағылш. тілінен inside – ішінде) – мәселені түсінуге және оны шешудің жолын тез табуға көмектесетін ми қызметінің өздігінен және күтпеген көрінісі. Қарапайым тілмен айтқанда, инсайт – аңғару, түсіну. Адамның санасында жоқ жерден пайда болатын және маңызды мәселені шешуге көмектесетін идея немесе ой.
Изи (ағылш. тілінен easy – оңай, жеңіл) – ағылшын тіліндегі сөзді айтылуы бойынша дәл сол мағынасында қолдану. "Изи сабақ", "изи жұмыс" дегенде сабақтың не жұмыстың оңай екенін аңғаруға болады.
Шеймиң (ағылш. тілінен shame – ұят) – адамды немесе қандай да бір топты қоғамда қабылданған нормаларға сәйкес келмегені үшін кемсіту, буллингтің бір түрі. Бодишеймиң (адамды денесіне қарап кемсіту), ланч-шеймиң (мектепте тамақ үшін ақы төлемеген отбасылардың балаларын қорлау), виктим-шейминг немесе виктимблеймиң (қылмыс жасаған адамды емес құрбан болған адамды кінәлау) деген секілді бірнеше түрі бар. Шеймиң адамның тән саулығына ғана емес, менталды саулығына да кері әсер етеді.