0%

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

Правильно! Неправильно!

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қашан қабылданды?

Правильно! Неправильно!

Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Қолданыстағы Конституция неше баптан тұрады?

Правильно! Неправильно!

Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

1995 жылдан бері Конституцияға неше рет өзгеріс енгізілді?

Правильно! Неправильно!

1995 жылдан бері Ата заңға бес рет өзгеріс енгізілген. Атап айтсақ, 1999, 2008, 2011, 2017, 2019, 2022 жылдары.

Конституцияның екінші бабында жазылғандай, Қазақстан қандай басқару нысанындағы мемлекет?

Правильно! Неправильно!

2-бапта Қазақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екені жазылған.

Конституцияда жоқ тарау қайсы?

Правильно! Неправильно!

Конституция 9 тараудан тұрады: "Жалпы ережелер", "Адам және азамат", "Президент", "Парламент", "Үкімет", "Конституциялық кеңес", "Соттар және сот төрелігі", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару", "Қорытынды және өтпелі ережелер".

Конституция бойынша әр қазақстандық орта білім алуға міндеттеле ме?

Правильно! Неправильно!

30-бапта азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілетіні және орта білім алу міндетті екені жазылған.

Қазақстанда цензураға тыйым салына ма?

Правильно! Неправильно!

Конституцияның 20-бабында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілетіні, ал цензураға тыйым салынатыны жазылған.

2019 жылы Конституция не үшін өзгерді?

Правильно! Неправильно!

2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, уақытша президент болды. Сол күні ол ел астанасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Парламент жедел түрде Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдады.

2022 жылы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс бергендер саны:

Правильно! Неправильно!

Дауыс беруге 7 985 769 адам (дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68,05%-ы) қатысып, олардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.