0%

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен қабылданған құжат:

Правильно! Неправильно!

Декларацияда Қазақстанның егемендігін мәлім ететін ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

КСРО құрамындағы қай елдер бірінші болып егемендігін жариялады?

Правильно! Неправильно!

1988-1889 жылдары Балтық елдері Эстония, Литва мен Латвия (1989 жылы) алғашқылардың бірі болып егемендік туралы декларация қабылдады. 1990 жылы "егемендік шеруі" деп аталатын қозғалыс басталып, республикалар бірінен соң бірі егемендігін жариялай бастады.

Декларацияда жазылмаған пункт:

Правильно! Неправильно!

Егемендік туралы декларацияда Қазақстанның СССР құрамынан ерікті түрде шыға алатыны, халықаралық қатынастың субъектісі ретінде сыртқы саясатын айқындап, өзге елдермен дипломатиялық байланыс орната алатыны және БҰҰ тәрізді халықаралық ұйымдардың жұмысына қатыса алатыны және республика аумағындағы бүкіл ұлттық байлық Республиканың егемендігінің негізін құрай отырып оның ерекше меншігінде болатыны туралы жазылған.

Егемендік туралы декларация КСРО азаматтығын сақтап қалуға кепілдік бергені рас па?

Правильно! Неправильно!

Рас. Қазақстан аумағында КСРО Конституциясы бойынша құқықтар сақталып, КСРО азаматтығын сақтап қаламын дегендерге Қазақ КСР-інің "кепілдік беретіні" айтылған.

Қазақстанда Республика күні мемлекеттік мерекелер тізіміне қай жылы енгізілді?

Правильно! Неправильно!

Республика күні Қазақстанда тәуелсіздік алғалы тойланып келе жатқанымен, 2001 жылы 13 желтоқсанда ғана мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Республика күні қай жылы мерекелер тізімінен алынып тасталды?

Правильно! Неправильно!

2009 жылы мерекелер туралы заңға өзгерістер енгізілді. 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты, 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

КСРО ыдырағаннан кейін 1991 жылы 21 желтоқсанда қандай халықаралық ұйым құрылды?

Правильно! Неправильно!

1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 жылы желтоқсаннның 20-ында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.

Мемлекет атауы "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынан" "Қазақстан Республикасы" болып өзгертілді:

Правильно! Неправильно!

1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш жалпыхалықтық президентті сайлау өтті. 10 желтоқсанда мемлекеттің атауы "Қазақстан Республикасы" болып өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан одақтас республикалардың соңғысы болып өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды кім ұсынды?

Правильно! Неправильно!

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, бұл күн елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Республика күні бүгінде қандай мереке?

Правильно! Неправильно!

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды. Заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.