0%

Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға енді?

Правильно! Неправильно!

1993 жылдың 12 қарашасында "ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлық шықты. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді.

Алғашқы банкноттар қай жерде басып шығарылды?

Правильно! Неправильно!

Елімізде ақша басатын фабрика болмағандықтан алғашқы банкноттар Лондондағы Harrison & Sons фабрикасында шығарылды. Қазақстан ақшасы Ұлыбритания патшайымының Алтын белгісіне ие болды.

Теңге алғаш шыққанда құны қанша болды?

Правильно! Неправильно!

Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған болатын. Еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға тең деп бекітілді.

Бір теңгеде қандай тарихи тұлға бейнеленді?

Правильно! Неправильно!

"Әлем білетін қазақ болуға тиіс" деген оймен 1 теңгелік банк­нотта Әбу-Насыр әл-Фарабидің портреті бейнеленді. 5 теңгеде – Құрманғазының портреті, 10 теңгеде – Шоқан Уәлихановтың портреті.

"Теңге" атауы қайдан шықты?

Правильно! Неправильно!

Ұлттық валюта атауына "алтын", "ақша", "танга" нұсқалары ұсынылды. Қазақстандық валютаны тіпті "сом" деп атау жоспарланған. ХV ғасырда Отырар қаласында "танга" атауымен басылып шыққан күміс монетаға ұқсастырып "теңге" деп атау туралы шешім қабылданды. Жүз есе бөлігі "тиын" деп аталды.

Абылай ханның портреті қандай теңге номиналында бейнеленді?

Правильно! Неправильно!

"Портреттер" айналымының бірінші сериясында ең құнды банкнот – Абылай хан бейнеленген 200 теңге. 3 теңгеде – Сүйінбайдың портреті, 20 теңгеде – Абай Құнанбаевтың портреті, 50 теңгеде – Әбілқайыр ханның портреті бейнеленді.

Қағаз орнына жезден жасалған тиындар қашан шығарыла бастады?

Правильно! Неправильно!

Қазақстанның өз монета сарайы болмағандықтан қағаз тиындар басылды. 1994 жылы олардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазір банкноттар Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Қазақстанда 29 жылда теңгенің қанша сериясы басылды?

Правильно! Неправильно!

1993 жылдан бері теңгенің төрт сериясы басылды: "Портреттер", "әл-Фараби", "Бәйтерек" және "Самұрық". Қазір айналымдағы қағаз банкноттар – 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңге, тиындар – 1-2-5-10-20-50, 100 және 200 теңге.

Қазіргі теңгеде жалпы қанша қорғаныс дәрежесі бар?

Правильно! Неправильно!

Теңгенің қорғаныс дәрежесі әртүрлі. Аз ақша бірлігінде қорғаныс белгілері де аз. Мысалы, 200 теңгенің қорғанысы 10 мың теңгеден әлсіз. Соңғы шыққан банкноттарда суреттердің бедерлігі, сутаңба, бояулардың металл жылтырлығы, өлшемі әртүрлі сандар, ультрафиолет қорғанысы, сериялық нөмірлер, сәйкес кескіндер секілді 18 қорғаныс дәрежесі бар.

Теңге алғаш айналымға енген күннен бері АҚШ доллары қанша есе өсті?

Правильно! Неправильно!

Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. Бүгінде 1 АҚШ доллары 465-475 теңгеге тең. 29 жылда 100 есе өсті деуге болады. Биыл наурызда 1 доллар бағамы 520 теңгеге жетті.