0%

Қай тұрақты сөз тіркесі алыс, қашық, шалғай деген мағынаны білдірмейді?

Правильно! Неправильно!

"Ит арқасы қиян" мен "ит өлген жер" тұрақты тіркестерінің мағынасы бір. Ал "ит байласа тұрғысыз" деген тіркес адам тұрғысыз деген мағынаны береді.

"Жүрегінің түгі бар" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы:

Правильно! Неправильно!

Дұрыс жауабы - батыр. "Су жүрек", "қоян жүрек" тұрақты тіркестерінің мағынасы – қорқақ. Ашушаң адам жайлы көк айыл деп айтуға болады.

"Аузын буған өгіздей" тұрақты сөз тіркесі қандай адамға қарата айтылады?

Правильно! Неправильно!

Көп сөйлемейтін, үндемейтін адамға айтылады. Сондай-ақ, момын адамға қарата "қой аузынан шөп алмас" тұрақты тіркесі қолданылады.

Тыным таппай, күн-түн демей жұмыс істейтін адамға қарата айтылатын тұрақты сөз тіркесі:

Правильно! Неправильно!

"Жарғақ құлағы жастыққа тимеу" дегеннен адамның дамыл таппай, ұйықтамай жұмыс істейтінін аңғарамыз. "Зәрезап болу" деген – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу, ал "иығынан дем алу" мақтану деген мағынаны білдіреді.

"Көзді ашып-жұмғанша", "кірпік қаққанша", "қас пен көздің арасында" тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы бір. Ол – ...

Правильно! Неправильно!

Бұл тұрақты сөз тіркестері тез, жылдам, шапшаң, лезде деген мағынаға ие.

Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

Правильно! Неправильно!

Дұрыс жауабы – "қызыл сирақ". "Құлаққа ұрған танадай" – тып-тыныш, "инемен құдық қазғандай" тұрақты тіркесі ауыр, қиын деген мағынаға ие.

"Бит қабығынан биялай тоқыған" деп кімге қарата айтылады?

Правильно! Неправильно!

Өте шебер, ісмер адамды бармағынан бал тамған, қолы алтын деп те жатады. Икемсіз, қолынан іс келмейтін адамға қарата "кең балақ, жалпы етек" деген.

Бір-біріне қарама-қарсы тұрақты сөз тіркестері:

Правильно! Неправильно!

Өте тату, бірлігі жарасқанда қаймағы бұзылмаған, арасынан қыл өтпестей тату дегенді естиміз. Ал алтыбақан ала ауыз ауызбіршілігі жоқ деген мағынаға ие.

"Бармағын тістеді" тіркесінің мағынасы қандай?

Правильно! Неправильно!

Адам опық жегенде, күйінгенде не өкінгенде "бармағын тістеп қалды" деп айтады.

"Жыл көрдің бе, ай көрдің бе?" деп қай кезде айтылады?

Правильно! Неправильно!

Көп ұйықтап, кеш тұрған кісіге қарата айтады.

Тұрақты сөз тіркесі
Жарайсыз! Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын өте жақсы біледі екенсіз.
Тамаша! Бір-екі сұрақтан сүрінсеңіз де, тұрақты сөз тіркестерін жақсы біледі екенсіз.
Жаман емес. Десе де тұрақты сөз тіркестерін оқып шығу артық болмас.