0%

Ақынның азан шақырып қойған аты кім?

Правильно! Неправильно!

Ақынның шын есімі – Мұхаметқали. Әке-шешесі пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен.

Мұқағали еңбек жолын кім болып бастаған?

Правильно! Неправильно!

1948 жылы ауыл мектебін бітіріп, ҚазМУ-дың филология факультетіне түскен ол оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмысқа тұрады.

Ақынның өлеңдері алғаш рет қай басылымда жарық көрді?

Правильно! Неправильно!

1949 жылы Мұқағали Мақатаевтың "Қырман басында", "Қойшы бала – Әкітай" өлеңдері аудандық "Советтік шекара" газетінде басылып шықты.

Көзі тірісінде ақынның қанша жыр жинағы жарық көрді?

Правильно! Неправильно!

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көрген.

Мақатаев "Үш бақытым" өлеңінде жырлаған үш бақыт:

Правильно! Неправильно!

Ақын: – Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін... Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім... Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! – деп жырлаған.

Мұқағали Мақатаевтың "Сарыжайлау" өлеңіне ән жазған композитор кім?

Правильно! Неправильно!

Нұрғиса Тілендиев ақынның "Сарыжайлау", "Сөнбейді әже, шырағың", "Кел, еркем, Алатауыңа" өлеңдеріне ән шығарған.

Мұқағалидің қай өлеңі "Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен" – деп басталады?

Правильно! Неправильно!

Мақатаевтың "Қара өлеңі" осылай басталып, "Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген" – деп жалғасады. Өлеңді "Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын" – деп аяқтайды.

Мұқағали Шекспирдің қай шығармасын аударды?

Правильно! Неправильно!

Ақын Шекспирдің "Сонеттерін", Дантенің "Құдіретті комедиясының" "Тамұқ" деген бөлімін, Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды. Онымен қоса Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исакян, Е Евтушенко, Ф. Моргунның шығармаларын қазақшалады.

Мұқағали қазақтың қай батыры туралы поэма жазды?

Правильно! Неправильно!

Ақын XVIII ғасырдың басында жоңғарларға қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін жырға қосып, "Райымбек! Райымбек!" атты поэма жазды. Мұқағали қазіргі Райымбек, бұрынғы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Райымбек батыр да осы өңірден шыққан.

1999 жылы ақынның қандай кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды?

Правильно! Неправильно!

1999 жылы "Аманат" атты кiтабына Абай атындағы мемлекеттiк сыйлық, сонымен қатаp "Ғасыp ақыны" атағы беpiлдi.