1927 жылы Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салу туралы қаулы қабылданды.
1988 жылы Мұхтар Шаханов Наурыз мерекесін қайта мерекелеуді сұрап, Колбинге хат жазады.
1988 жылы Наурыз мейрамы тұңғыш рет Алматының Максим Горький атындағы орталық саябағында кең ауқымда тойланды.
1988 жылы Алматыда Ұлыстың ұлы күнін тойлауға 100 мыңнан астам халық жиналып, қыркүйек айының ортасына дейін тойлаған.
2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн – 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.
Наурыз мейрамында жеті түрлі дәмнен қазақтар – наурыз көже, өзбектер – сумалақ, ауғандар – хафтмева, әзірбайжандар хафт син жасайды.
Наурыз айында көктемнен хабар беріп келетін жыл құсы – наурызек, оны халық арасында наурызша, әптиек деп те атайды.
2010 жылы БҰҰ Наурызды халықаралық мереке ретінде ресми түрде бекітті.
Биыл Наурыз мейрамы аптаның ортасына түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар 21-22-23 наурыз күндері, барлығы үш күн демалады.